• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Павлодар облысында мыңнан астам провизорлық орын дайындалады

171 рет
көрсетілді

Облыс әкімі алдағы жоспар жөнінде Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, - деп жазады Egemen.kz.

"1. 267 уақытша орын дайындалады. Нәтижесінде провизорлық орындар саны 1000-нан асады.⠀2. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен пневмониямен ауыратын науқастардың негізгі белгілері жойылғаннан кейін олар босатылып, емханалар мен жедел жәрдемге олар туралы ақпарат жіберіледі, яғни жеке науқастардың уақытша ауруханаларда болу ұзақтығы қысқарады.⠀3. Емханалардың дәрігерлері өз кезегінде бұл науқастарға күн сайын телефон шалып, олардың жағдайларын бақылайды. Сонымен қатар, егер олардың бірі жедел жәрдем шақырса, олар пациенттің медициналық тарихын алдын-ала біліп, тиісті шараларды қабылдай алады.⠀4. Павлодарлық әріптестеріне көмек көрсету үшін облыс аудандарынан медицина қызметкерлері келеді.Оларға нұсқау беріп, жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындау керек.⠀5. Дәрігерлер мен пациенттерді КВИ-инфекциясы қаупінен қорғау - басты мақсат. Бүгінгі таңда аймақта жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды, бастысы оларды барлық алгоритмдерге сәйкес пайдалану және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды", - деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар