• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Маусым, 2020

Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды

1018 рет
көрсетілді

Қазақстанда жылдың үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елімізде "Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері" байқауы осымен қатарынан үшінші жыл өткізіліп жатыр. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 761 мемлекеттік қызметкер қатысты. Нәтижелері бойынша төмендегі жеңімпаздар:

- Ернур Абжахан, Алматы қаласы Қалалық  мобильділік басқарма басшысының орынбасары;

- Алмагүл Азаматова, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;

- Бауыржан Ахметалин, Нұр-Сұлтан қаласы, Төтенше жағдайлар (ТЖМ)  департаментінің қызметкері;

- Берік Досымбеков, Қарағанды ​​қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

- Алмас Еркібаев, Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің Атбасар аудандық соты кеңсесінің хатшысы, бас маман;

- Дидар Ибраев, Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы;

- Арман Қабылов, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы;

- Ажар Қалиева, Алматы облысы Қапшағай қаласы білім бөлімінің бас маманы;

- Ақжібек Капалбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша профилактикалық бөлімінің бас маманы;

- Ақтөре Талғатұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің алдын-алу бөлімінің аға офицері. 

Елімізде 89 мыңға жуық адам мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, олардың 42 мыңнан астамы аймақтарда.