• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Қостанайда "Халық алғысы" медалі табысталды

402 рет
көрсетілді

Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 127 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды.  Олардың ішінде 40 медицина қызметкері, 25 полицей, 21 әлеуметтік сала қызметкері, 21 ерікті, 8 үкіметтік емес ұйым өкілдері, 6 меценат, 2 мемлекеттік қызметші, 2 журналист және 1 мәдениет саласының өкілі бар, - деп жазады Egemen.kz

Алғашқы 10 азаматты бүгін облыс әкімдігінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов марапаттады.

Онлайн-форум барысында қатысушылар президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан кейін еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетіліп, індетке қарсы күреске белсенді атсалысып жүрген түрлі саланың өкілдері сөз алды.

"Халық алғысы" медалін алған алғашқы ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер мен меценаттар, қоғам белсенділері мен еріктілер бар. Олар:

Мәжікенов Құрмет Кенжаханұлы - Қостанай облысының КПСБ бастығы; Михайленко Владимир Алексеевич - "Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының" бас дәрігері; Штейгервальд Ирина Анатольевна - "Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының" бас дәрігері; Семейбаев Сырым Сайранбекұлы - "Сарыарқаавтопром" ЖШС директоры; Ходжаназаров Айдарбек Асанұлы - "Олжа Агро" ЖШС Бас директоры; Моргунов Максим Валерьевич - "Қостанай облысы әкімінің аппараты" ММ әлеуметтік-саяси бөлімінің басшысы; Оспанов Дүйсенғали Сұлтанұлы, "Үміт-Надежда" ҚБ төрағасы; Өтебаев Дамир Еркінұлы – ерікті; Мырзабекова Айгүл Сейпұлқызы, Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ директоры. Кан Владимир Анатольевич "Межрегионэнерготранзит" ЖШС бас директоры.

Қалған 117 адам кәсіби мерекелер мен Астана күні қарсаңында марапатталады.

 

Қостанай облысы