• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Маусым, 2020

Роналду тағы бір рекорд орнатты

332 рет
көрсетілді

Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

35 жастағы шабуылшы 27-турда "Верона" қақпасына гол соқты. Бұл Роналдудың Италия чемпионатындағы 43 голы еді. Осылайша, ол португалиялық футболшылар арасында А сериясында ең көп гол соққан ойыншы атанды.

Бұған дейінгі рекорд "Милан" мен "Фиоретинаның" шабуылшысы Руй Коштаға тиесілі еді. Ол 42 гол соққан. "Ювентус" пен "Верона" арасындағы кездесу 2-0 есебімен аяқталды. Екінші голды аргентиналық шабуылшы Пауло Дибала соқты.

Айта кетейік, Роналду португалиялық футболшылар арасындағы Испания біріншілігінде ең көп гол соққан футболшы. "Реалдың" сапында ол 311 рет көзге түскен. Сондай-ақ ол Ағылшын біріншілігінде де отандастары арасындағы үздік сұрмерген. "Манчестер Юнайтед" сапында Криштиану 84 гол соққан.

Соңғы жаңалықтар