Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Маңғыстау облысындағы ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінің жазасын өтеушілері полиция қызметкерлеріне арнап онлайын-концерт өткізді. Шараға барлық өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері толықтай шақырылды.
Мекемедегі аспаптық ансамбль тек биыл емес, бірнеше жылдардан бері өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Ал пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, карантин шараларына сай бұқаралық шараларға шектеу қойылуы ансамбль мүшелеріне жаңа идеяларды дүниеге әкелуге көмектескен.
Олар құттықтау онайн-концертін тек Маңғыстау облысы бойынша ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне арнап өткізуді дұрыс деп шешті.
Жазасын өтеп жүрген жандардың құттықтауы қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің ризашылығын тудырды.
Маңғыстау облысы