• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды

205 рет
көрсетілді

Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz

Сөйтіп, ерке елікті атқан үш қаніпезер де ұсталып, үстерінен іс қозғалды. Алынған мылтықтар мен олардың орман алқаптарында әр жерге жасырған аналық сібір елігінің еті браконьерлердің бұл іспен тұрақты айналысатынын көрсетіп тұр. Тергеу әрекеттері нәтижесінде олар аң аулаған жерлерін де атап берді. Алынған мылтықтардың тіркелмегені де белгілі болды. Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша да әкімшілік материал жиналды. Енді бұлар сот шешімімен бас бостандықтарынан айырылулары да мүмкін.

"Қазіргі кезде аң аулауға тыйым салынған. Жыл басынан заңсыз аң аулаудың 12 фактісі анықталды, браконьерлерге қатысты қылмыстық қудалау шаралары қабылданды. Аң аулау тәртібін бұзуға байланысты 200-ден астам факті бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленді", дейді СҚО ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

 

Солтүстік Қазақстан облысы