Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, - деп жазады Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы өтті. Первомай аудандық сотының шешімімен Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді.
Айта кету керек, сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ.