• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Тараз қаласында құрылыс қарқынды жүргізілуде

1126 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласынағы 389 жобаны қаржыландыруға 16 миллиард 965,8 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артады. Нәтижесінде, азаматтар 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орнымен қамтылады, - деп жазады Egemen.kz

Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, Тараз қаласы бойынша жұмыс басталып та кетті.     «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 миллиард 231,2 миллион теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған. Оның ішінде облыстық басқармалардан өтетін нысандар 4 742,8 миллион теңге болатын 23 жоба, ал қала арқылы өтетін нысандар 9 миллиард 488,4 миллион теңге болатын 324 жоба бар.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы қаладағы бірқатар мәселені шешеді. Тараз қалалық әкімдігінің мәліметі бойынша, бүгінде шаһардағы 163 көпқабатты үйдің алдындағы аулаларға, 96 көше мен 4 көшенің жолдары мен тротуарларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Жол салу, саябақтарды абаттандыру сияқты жұмыстардың барлығы осы бағдарлама арқылы бөлінген қаражатпен жасалуда. Биыл біз қаржы көзін тауып, қаладағы мектептердің сыртта орналасқан дәретханаларын ішке орнатуды жоспарлаған едік. Енді "Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 мектептің ішіне дәретхана салуға қаржы бөлініп, оның да жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қалада 6 бірдей білім нысанында құрылыс жұмыстары бір мезетте басталды. Транспорттық инфрақұрылым бойынша жалпы 92,5 шақырымды құрайтын 100 көшені орташа жөндеуге 3 миллиард 334,3 миллион теңге бөлінсе, қала көшелерінің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына қала бюджетінен 200,0 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа алқапта ішкікварталдық автомобиль жолдарының құрылысы мен "Бурыл А, Б, В" тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары ағымдағы жылы жалғасын табатын болады", дейді Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев.

Сонымен қатар, биылғы жылы қала көшелерінің сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 50,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Алматы қаласының "Altocom Asia" ЖШС-нің ұсынысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде "Ақылды көше жарығы» жобасы аясында Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғыртуға үшжақты келісімшарт жасалған. Алайда коронавирус індетінің салдарынан Алматы қаласынан тауарларды жеткізуге шектеу қойылып, мүмкіндік болмағандықтан, жоба бойынша жұмыстар басталған жоқ. Жоба негізінде қаланың 158 көшесіне сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, қала бойынша 14131 дана шамшырақ ауыстырылатын болады. Тараз қаласы көшелерінің бойындағы бағаналардан ескі жарық шамдары жинақталып, жинақталған шамдардың жарамдылары кәдеге жаратуға жіберіледі. Бұдан өзге, қаладағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 6 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу, 6 тұрғын үйдің инженерлік желілерін жөндеу, аталған алқаптағы жеке тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету, «Даңқ» аллеясын абаттандыру, "Әуежай" аумағындағы дренаж желісін жөндеу, аула алаңдарын абаттандыру, Қонаев және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы скверді  абаттандыру және жалпы ұзындығы 41,1 шақырымды құрайтын 35 көшені орташа жөндеу, Тараз қаласындағы құбыр өткелдерін және лотокты арық жүйелерін қалпына келтіру сияқты жалпы 55 нысанның жұмыстары басталған. Басталған жұмыстарда жалпы 625 жұмыс орны ашылып, оның ішінде «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы жалпы 264 адам жолданған. Алдағы уақытта "Тектұрмас" тарихи-мәдени кешенінің құрылысын жалғастыру және "Әулиеата" ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстары қолға алынып, магистралдық-коммуникациялар желісі және "Оқушылар сарайыны" құрылысы жүргізілетін болады. Бүгінде  "Тектұрмас" этнотарихи кешенін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталып кетті. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, кешен шекарасы кірпіштермен қаланған қабырғамен қоршалатын болады. Ондағы бақылау алаңдары мен қамал аллеямен жалғасып,  бұл жерге облыстың тарихи нысандары мен жәдігерлердің макеттері орналасады. Бекініс пен бақылау алаңдарының арасында ұзындығы 15-20 метр болатын панорамалық панель  жобаға енген. Мұнда  ел  тәуелсіздігі тарихындағы маңызды оқиға – Атлах және Аңырақай шайқастары туралы құнды дүниелер көрініс табады. Бұдан бөлек, жағалау, тоған және жасанды сарқырама салу да көзделіп отыр. Тағы бір үлкен жоба – "Қарасу" алқабында "Денсаулық" саябағы бой көтереді. Саябақта бірнеше спорт алаңдары, велосипед жолағы және workout алаңшалары ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Тараз қаласында бой көтеретін "Анаға тағзым" ерекше ғимараты да  көне шаһардың көрікті жерлерінің біріне айналады. Қазіргі таңда аналардың құрметіне арналған ескерткіштің макеті әзірленуде. Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш маңында этноауыл пайда болады. Жуырда "Арбат-3" жаяу жүргіншілер аллеясының құрылыс жұмыстары аяқ­талып, бірегей сәндік элементтер мен жарықтармен безендірілген аллея Тараз қаласының көрікті жерлерінің біріне айналады.

 

Жамбыл облысы