Мальдив аралдары туристік курорттарды 15 шілдеден бастап ашады және халықаралық туристерді қуана қабыл алады, дейді президент Ибрахим Солих. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz жазады.
Шетелдік қонақтарға елге кіру үшін коронавируска тексерілудің қажеті жоқ. Мальдив аралдарының ең көп кіріс көзі, осы курорттық зоналардан табыс табу еді. Дегенмен, пандемия салдарынан табыс мөлшері айтарлықтай төмендеген.
Халқы шамамен 340 мың адамды құрайтын Мальдив аралында вирустың шамамен тек 2200 жағдайы тіркелген.