• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2020

Жедел көмек бригадасы коронавирус жұқтырған науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылған

133 рет
көрсетілді

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов жедел көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылғанын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазіргі уақытта жедел көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылған, барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен, жеке қорғану құралдарымен жабдықталған", - деді Б.Жүсіпов.

Сонымен қатар ол жедел көмек станциялары жанынан CALL Орталықтары құрылғанын айтты. Онда медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша білікті мамандар консультациялық көмек көрсетеді.