• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Мақтааралдықтардың жерлері өз иеліктерінде қалады

203 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданындағы тасқын судан зардап шеккен Жеңіс ауылы тұрғындарының арнайы штаб мүшелеріне айтары аз емес екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атакент кентіндегі "Мақтаарал" жалпы орта мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктте өткен кездесуде тұрғындардың бұрынғы ауылдарындағы тұрғын үйлерінің орны дачалық массив ретінде қалуы, ол жерлерді құрылыс қоқыстарынан тазалау, ауылдарға жарық, ауыз су беру тәртібіне қатысты мәселелер көтерілді.

Кездесуге аудандағы тұрғын үйлері суға кеткен 180-ге жуық тұрғын қатысты. Зардап шеккен тұрғындардың ұсыныс-талаптарын тыңдау, қордаланған мәселелерді шешу мақсат етілген кездесуде бүгінгі күні жатақ жай, ыстық тамақтолық қарастырылғанына және бұрынғы жерлері өз меншіктерінде қалатынына ризашылығын білдіргендер де аз болмады.

 

Түркістан облысы