• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Мақтарааралда шілденің алғашқы күні 55 үйдің құрылысы аяқталады

255 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен үш ауылдың тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа мөлтек ауданда құрылыс қарқынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш аумақта 386 үйдің 196-сы үкіметтік резервтен, ал 190-ы қорлар есебінен бой көтеруде. "Алдағы 1 шілде күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталып, 100 үйдің шатыры жабылып бітеді деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс қарқыны бір сәтке де бәсеңдеп отырған жоқ. Мердігер мекемелер екі кезеңде жұмыс істеуде. Яғни, күндізгі және түнгі ауысымда жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге құрылыс материалдарынан немесе құрылысшылардан тапшылық орын алып отырған жоқ",- дейді Мақтаарал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков. Жаңа мөлтек аудандағы 70 гектар аумақта тұрғын үй құрылысынан бөлек, инфрақұрылымдық яғни газ, су, жол, жарық тарту жұмыстары қатар жүргізілуде. Сондай-ақ, 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның орнын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.