• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Алматыда жұмыс іздеушілер саны артқан

312 рет
көрсетілді

Елдегі карантин режімі көптеген өндірістердің жұмысына кері ықпалын тигізіп, бірқатар жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырды. Қазіргі кезде оңтүстік шаһарда жұмыс іздеп жүргендер саны арта түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығына күніне 500-дей адам жүгінеді.

Орталық директоры Диляра Иманқұлова атап өткеніндей, қазіргі кезде жұмыс сұрап келгендердің өтінішін шұғыл қарастыру шаралары қолға алынған. Орталық арқылы бүгінгі күнге дейін 12 мың адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығына келушілердің санын азайту және әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында қаланың бес ауданында қабылдау бөлімдері ашылған.