• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Маусым, 2020

Павлодар қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

539 рет
көрсетілді

Қала әкімінің өкімімен Дархан Сақанов қала басшысының коммуналдық және жер мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Дархан Қуандықұлы 1981 жылы туған, қазақ, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі және инженер-құрылысшы мамандығы бойынша жоғары білім бар.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 7 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ-да бастады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде жұмыс істеді.⠀2019 жылдың қыркүйегінде "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" бас директорының орынбасары болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар