Өңірдегі Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, басқармаға қарасты Павлодар, Үрлітүп, тіпті, бір қызығы Максим Горькийдің атындағы да Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы мекемелердің орман қорында 1 миллион 820 мыңнан астам аң бар. Орманда тұяқтылардың 4 түрі, түбітті аңның 12 түрі және құстардың 9 түрі бар.
Құстардың өзі де әрі қарай бөлінеді. Мысалы, үйректің 4 түрі бар болса, 10 аң түрі Қызыл кітапқа енген. Қоян мен түлкінің саны көп.
Ал, өңірімізде Баянауылдағы орман қорлары тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман комитетінің қарауында.
Жуырда 2017 жылы елімізде енгізілген көктемгі аң аулауға тыйым салу туралы ережесі өзкүшін жойып, қазір көктемгі аңшылыққа рұқсат берілген.
Сондай-ақ, әр аңды аулайтын арнайы уақыты бар. Жыл сайын әр аң түрінен қанша аулауға болатыны туралы лимит бекітіледі.
Мысалы, 2019 жылы облыста жалпы аң аулауға 46764 лимит бөлініп, игерілсе, биылғы жылғы лимит бөлу әлі қаралуда.
Өңірде аң аулайтын арнайы орталықтар бар. Олар әр аңның басына белгіленген қаржыны Үкіметке төлеп, басқармадан аң аулауға рұқсаттама алады.
Содан кейін рұқсаттаманы аңшыларға таратады. Әрі аң аулауға өздері бақылау жүргізеді.
Павлодар облысы