Қарағандылық Балнұр Түленованы бір мезгілде АҚШ-тың төрт университеті оқуға шақырып отыр. Ол Нығмет Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты бітірген, деп жазады Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
"Менің тұлға ретінде қалыптасуым отбасымда басталды. Ата-анам маған сын-қатерлерді қабылдап, қорқыныш және кемшіліктермен күресу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасау керек деп тәрбиеледі. Бала кезімнен бастап анам мен әкем маған әрдайым бәсекелестік сезімімді жоғалтпауды, бірінші кезекте өзіммен күресуді, әрқашан жоғары деңгейге шығуға ұмтылуды үйретті. Ал өмірлік жағдайлар ата-анамның маған үйреткен дағдыларын дамытуға, менің жеке басымның қалыптасуына және кім болғым келетінін түсінуге мүмкіндік берген серпін берер шарт болғандай", дейді Балнұр.
Бойжеткен орыс, қазақ, француз, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. Оны экономика, әлеуметтану және жаратылыстану ғылымдары қызықтырады.
"Шетелдік университеттер болашақ студенттердің өзіндік дамуына, мотивациясына, ішкі сипаты мен дүниетанымына үлкен мән береді. Менің мотивациялық хатымды оқып, олар таң қалды. Бес тілді білуден басқа, мен filmmaking and photography-мен, сондай-ақ экологиялық жобалармен айналысамын, математика бойынша олимпиадаларға қатыстым. Менің айналысатын және оқитын дәрістерімнің тізімі ауқымды. Оқудан тыс сабақтар мен қызығушылықтар менің даралығымды ашады. Университеттер тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан жастарды іздейді. Менде армандарымды жүзеге асыру үшін жеткілікті күш, білім және мүмкіндіктер болуын қалаймын. Болашақта өз бизнес-жобаларымды жүзеге асырғым келеді", деді Балнұр Туленова.
10-шы сыныпта ол Халықаралық емтихан тапсырып, нәтижелерін әлемнің түрлі елдерінің университеттерінің жалпы базасына жіберген. Көп күтпестен оған оқуға шақыру келді.
Балнұр Род-Айленд штатының университетіне тоқталды. Бұл оқу ордасында білім алу құны жылына 80 мың АҚШ долларына дейін тұрады. Сәтті тапсырылған емтихандар қарағандылық түлекке тегін оқуға мүмкіндік береді.
Білім алып, Балнұр халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесін жинақтауды жоспарлап отыр. Содан кейін өз ісін ашып, ел экономикасын қолдау үшін Қазақстанға оралмақ.