• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2020

Алматыдағы Сайран көлінен қауіпті бактерия табылды

508 рет
көрсетілді

Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялардың табылуына байланысты суға түсуге тыйым салынды. Бұл туралы Алмалы және Әуезов аудандарының әкімдіктері Facebook парақшаларында жариялады.

"Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі, "Ұлттық сараптама орталығы" РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдердің барын анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады", - деді Алмалы аудандық әкімдігінен.

Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.