• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Маусым, 2020

Калифорниядағы Disneyland ашылуын кейінге шегерді

348 рет
көрсетілді

Калифорниядағы Disneyland ойын-сауық паркінің 17 шілдеге жоспарланған ашылу салтанаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұған дейін Калифорниядағы Disneyland паркі мен Disney Adventure Park 17 шілдеде ашылуы керек болатын. Алайда әлемде болған жағдайға байланысты барлығы күрт нашарлаған. Осы тарапта Калифорния штаты әзірге 4-ші шілдеге дейін ешқандай ақпарат жарияламайтынын жеткізді.

"Негізгі себебі мыңдаған қызметкерді жұмысқа қайта алып, бизнесімізді қалпына келтіруге кететін уақытты ескере отырып, біздің парктеріміздің ашылуын кейінге шегеруден басқа амал жоқ. Биліктегілердің рұқсатын алғанға дейін дайындық жұмыстарын жалғастыра береміз", дейді Disneyland Twitter-дегі ресми парақшасында.

Диснейланд паркі коронавирус салдарынан ағымдағы жылдың наурыз айында жабылды. Бұдан бөлек Калифорниядағы Disneyland-ті былтыр 18,7 миллион адам тамашалаған.  Бұл әлемдегі және АҚШ-тағы ең көп тамашаланған ойын-сауық паркіне айналды.