Қалада шектеу шаралары 26 маусым сағат 22.00-ден 29 маусым сағат 00.00-ге дейін және әр демалыс күндері: сенбі және жексенбі, кейін эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін енгізіледі, - деп жазады Egemen.kz
Тұрғындар үшін жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жылжуды қоспағанда, - қала бойынша жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі;- тұрғылықты жеріне тікелей жақын орналасқан дүкендерден, дәріханалардан дәрілік тауарларды, медициналық бұйымдарды, азық-түлік тауарларын сатып алу; - шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға шығу;- тұрғылықты жеріне тікелей жақын жерде үй жануарларын серуендету.
65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығу шектеледі.Қалада сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көлікте, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, көпшілік жиналатын орындарда, көшелерде, саябақтарда, скверлерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде ауқымды дезинфекция жүргізіледі.26 маусымнан бастап 29 маусымға дейін меншік нысанына қарамастан объектілердің қызметі тоқтатылады.Қоғамдық орындардың - саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, ойын алаңдарының және өзге де демалыс орындарының, қаржы нарығы субъектілерінің валюта айырбастауға құқығы бар ұйымдардың қызметтерімен жұмыс істеуі тоқтатылады.
Көп қабатты тұрғын үйлердің жанында, жеке секторда бірінші қажетті тауарларды сататын азық-түлік дүкендері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.25 және 26 маусымда бірінші қажеттілік тауарларын және дәрі-дәрмектерді бірнеше күнге сатып алу ұсынылады.