• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2020

Сырқаттар спорт нысандарына жатқызылуы мүмкін

179 рет
көрсетілді

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндады.

Өткен аптада ауруханаларға жат­­қызу мен жедел жәрдем қыз­ме­тіне жүгіну екі есе артқан бо­ла­тын. Науқастар санының өсуі – қант диабеті, жүректің ише­мия­лық аурулары, артериалды гипертензия сияқты аурулары бар пациенттердің көбеюімен байланысты деген қорытындыға келіп отырмыз. Сондай-ақ аурудың ауырлығы мен пациенттердің жас арасындағы байланыс анық бай­қалады, яғни, жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттердің 80%-дан астамын 60 жастан ас­қан­­дар құрайды.

– Алматыда эпиде­мио­ло­гия­лық жағдай күрделі, бірақ бас­қа­руға болады. Қазір стационарлар мен алғашқы санитарлық-ме­ди­циналық көмек көрсету ұйым­да­рында медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстары толық жүр­гізіліп жатыр. Бастапқыда қала­­д­ағы жұқпалы ауруларға ар­нал­­ған кереует саны екі ауруха­нада 500 орыннан аспайтын. Қазір төрт есеге көбейіп, шамамен 2 мың кереуетті құрайды, бо­лашақта 7 есеге көбейеді. Төсек-орындардың ұлғаюы басқа кли­никаларды қайта құру жолымен, жаңа ауруханалардың ашы­луымен, сондай-ақ «Халық Арена» және «Алматы Арена» спорттық базаларында ауруханалар ашу арқылы қамтамасыз еті­леді. Бұл кешендер инфек­ция­лық қауіпсіздік талаптарына ең қолайлы болғандықтан таң­далды. Атап айтқанда, таза және лас аумақтардың ағынын қарас­ты­ратын ішкі аумақта секциялық бөлініс бар. Тағы бір маңызды артықшылығы – бір уақытта 500 немесе одан да көп пациентті орналастыруға болады, бұл адам ресурстарын ұтымды пайдалану тұрғысынан өте маңызды. Себебі кадрлардың жетіспеушілігімен бір уақытта әртүрлі ұйымдарды ме­ди­циналық кадрлармен қам­та­­ма­сыз ету қиынға соғады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бас дәрігер жұқпалы аурулар ем­деу стационарларында 236 дә­рігер, 610 орта медициналық қызметкер, 393 кіші медициналық қызметкер тиісті медициналық кө­мек көрсетіп жатқанын мәлім­деді. Провизорлы стационар­лар­да 86 дәрігер, 216 орта меди­ци­налық қызметкер, 158 кіші меди­циналық қызметкер саналып отыр. Жалпы, Алматыда стационарлық деңгейде КВИ жұқ­тырған науқастарды емдеу үшін 1700-ге жуық адам қызмет атқа­рып отыр.

– Әкімдік тарапынан дәрі­гер­­лердің ауысымнан кейін де­ма­­луға, жұмыс орнына бар­лық жағдай жасалып жатыр. Әріп­­­тестеріміздің қауіпсіздік мәсе­­­лелеріне ерекше назар ауда­­­ры­лады. Инфекцияның жаңа тол­қынына дайын болу мәсе­ле­­сіне келсек, біз дәрігер­лер­дің, орта және кіші қызмет­кер­­лердің қосымша топтарын құр­­дық. Еріктілер мен резидент дәрігерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, – дейді К.Надыров.

 

Қандай пациенттер ауруханаларға жатқызылады?

Госпитализацияға COVID-19 індеті расталған, дене қызуы 3 күннен бері 38,5°С болса, қанның оттегімен қанығуы 95 пайызды кұраса, сондай-ақ өкпеде 25 пайыздан астам өзгерістердің басым пневмония белгілері бар (КТ нәтижелері бар) пациенттер жат­қызылады. 65 жастан асқан со­зылмалы аурулары бар нау­қас­тар мен гемодиализ ем-дом шараларын қажет ететін иммун тапшылығы белгіленген нау­қас­тар да ауруханаға ем қабыл­дау үшін жатқызылады.

Әрбір емханада бекітілген регламентке сәйкес пациенттерді бақы­лау, мониторинг жүргізу жұ­мыстарымен айналысатын 72 мобильдік бригада құрылған. Мо­бильдік топтың құрамына – бөлімше меңгерушілері, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтар, учаскелік дәрі­гер­лер мен мейірбикелер кіре­ді. Барлығы 287 алғашқы сани­тар­лы-медициналық кө­мек көрсету қызметкері жұмылдырылған. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында аталған бригадалардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп отыр­мыз. Маусым айыннан бас­тап емхана бақылауында 19 мың­нан астам жақын байланыста бол­ған адамдар бар.

– Білуімізше, КВИ-дің қауіпті және жиі асқынуларының бірі – пневмония. Жағдайдың ауыр­лы­ғын бағалау үшін уақтылы өкпенің компьютерлі томогра­фия­сын жүргізу қажет. Осыған байланысты, біз КТ қызмет көр­се­ту­шілерінің тізімін жасадық, ем­­ха­налар КТ орындайтын мем­­ле­­кеттік және жекеменшік ұйым­­­дармен шарттар жасас­ты. Қала бойынша аталған қыз­мет көрсетушілер саны – 12. КТ қыз­метін жеткізушілер корона­ви­рустық инфекция диагнозы расталған пациенттерді қабылдау жұмыстарының бөлек, кестесін және ауру белгілері ұқсас пациенттерге арналған жеке уақытты анықтады. Осы­лай­ша, біз КТ кабинеттерінің өткізу қабілетін талдап, індет жұқтырғандардың қазіргі легіне сәйкес, Алматыда халықты КТ-мен қамтамасыз етуде проблема болмауы тиіс деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ үш ай ішінде КТ аппаратын Қалалық балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы және меди­циналық жедел жәрдем көр­се­ту ауруханасына жеткізу кү­тілуде, бұл осы зерттеуге қол­же­тімділікті арттырады, – деді басқар­ма басшысы.

Қаладағы зертханалық диагностика жағдайына келсек, бірқатар зертханалардың істен шығуы қоғамда белгілі бір резонанс тудырғаны белгілі. Бірақ, пациенттерде тест нәтижесінің теріс болуына қарамастан, коро­на­­вирусқа ұқсас клиникалық кө­рі­ніс тапқан жағдайда, біз диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасына сәйкес, тестілеу нәтижесін күтпестен емдеу­ді бастаймыз. Бұл емдеу процесін бақылауға және про­цесті қауіпті асқынуларға дейін өршітіп алмауға мүмкіндік бере­ді. Болашақта осындай келеңсіз жа­ғдайларды болдырмау үшін жеке­меншік жеткізушілерді тарту арқылы ағымдағы қуатты артты­ру және жаңа зертханалар ашу сияқты мәселелер шешіліп жа­тыр, – дейді Алматының бас дәрігері.

 

АЛМАТЫ