Өңірде ауыл шарушылығы техникасына деген сұраныс қашан да жоғары. Қажетті комбайндар шет елдерден сатып алынады. Енді осы олқылықты Көкшетау комбайндары баспақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Ұтымдысы, отандық өндіріс дамиды, баға қолжетімді болмақ, автобөлшектерді де жергілікті жерден табуға әбден болады.
"Біз комбайн құрастыруды бастамақпыз. Бұл өзіміз өндіретін жаңа техника болмақ. Әсіресе комбайнға сұраныс көп. Енді комбайндар сырттан әкелінбейді. Өз елімізде құрастырылады", дейді дайындау бөлімінің шебері Азат Шегіров.
Сандық бағдарлама арқылы басқарылатын станок Қазақстанда енді дамып келеді. Көкшетауда оның тілін білетіндер аз. Солардың бірі сандық бағдарламалық басқару операторы Наиль Богапов. Ол сондай-ақ компьютерде 3D үлгілерді жасайды, оларды жүйеге қосады.
"Мен мұнда машина құрылысы келешегі бар сала болғандықтан келдім. Осы жерде компания құрылғаннан бастап жұмыс істеймін. Ауыл шаруашылығы техникасына қажетті барлық бөлшектерді меңгеріп алдым", дейді сандық бағдарламалық басқару операторы Наиль Богапов.
Компания басшылығы игерім үлесін көбейтуді көздейді. Мысалы, "МТЗ" тракторына жинақтаушы жабдықтары дайын түрде келеді. Көкшетаудағы зауыт тек оны құрастыруға ғана жауапты. Ал жақын арада кәсіпорын астық комбайндарын толығымен өздері шығармақ.