• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Маусым, 2020

Лязат Ақтаева Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды

560 рет
көрсетілді

Үкіметтің қаулысымен Лязат Мейрашқызы Ақтаева берген өтінішіне сәйкес Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Лязат Ақтаева 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1988 ж.) және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2003 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласының №3 перзентханасында акушер-гинеколог болып бастаған. Әр жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 2017 жылғы ақпан айында Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған.