Профилактика шаралары аясында демалыс күндері қоғамдық көлік (27-28 маусым) жүрмейді. Бұл туралы Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Автобустар мұқият дезинфекцияланады. Қоғамдық көліктер бұрынғы режимге 29 маусымда (дүйсенбіде) оралады.
Сонымен қатар барлық қоғамдық орындар жабылады: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар.