• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Маусым, 2020

Дәрі-дәрмектің бағасын көтерген шымкенттіктерге айыппұл салынады

230 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz

Ең алдымен, Ләззат Рысымбекқызы дәрі-дәрмек туралы қала тұрғындары арасында аздап дүрлігу болып отырғанын алға тартып, осы жағдай жөнінде пікірін білдірді.     "Бүгінде қаламызда ЖРВИ, пневмония және тұмаудың басқа да түрлерімен ауырғандар саны көбеюде. Осы себепті халық рецептсіз босатылған дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл дұрыс емес. Дәрілердің мерзімі мен сақтау жолдары бар. Егер ол дұрыс сақталмаса, адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан дәрілерді, мейлінше, дәрігердің нұсқаулығымен сатып алу керек. Осы ретте қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспегенін, алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар келгенін айта кетейін. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда", деді департамент басшысының орынбасары.   Оның айтуынша, қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қазіргі таңда біз 77 дәрінің түріне мониторинг жүргіздік. Соның ішінде 240 мың қаптамада (упаковка) парацетамол бар екеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауынсыз берілетін өзге де дәрілердің жеткілікті болып шықты.   Бұдан бөлек, Л.Қашқынбаева дәріханалардағы бағаның өсіп кетпеуіне мониторинг жүргізетіндіктерін алға тартты. Оның айтуынша, 2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 104-бұйрығымен 6191 дәрілік заттардың түріне шектеулі бағалар көрсетілген. Егер дәріхана иелері осы шектеуді ескермей, дәрілердің бағасын негізсіз көтеретін болса үлкен дәріханаларға 100 АЕК, ал кіші дәріханаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.