• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2020

Елорда көшелерін су басты

812 рет
көрсетілді

Тынымсыз жауған жаңбырдың әсерінен Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін су басты. Бұл жағдайға байланысты қала тұрғындары су жайлаған көшелер түсірілген видеоларды әлеуметтік желіге таратып, дабыл қағуда, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАҚпараттақа сілтеме жасап. 

 

Сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Бейне-жазбадан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін көтерілгенін және бірнеше автокөлік жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған еді. Астанада ертең де толассыз жаңбыр жауады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтимал.