• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2013

Қостанайда әкесі қызымен қайта қауышты

251 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тұрғыны Балташ Шаймерденов өз баласымен қайта қауышты. Бұл туралы «Время» газеті жазды.

Осыдан 3 жыл бұрын Балташтың әйелі сырқаттанып қалды. Жағдайының жақын арада оңала қоймайтынын сезген ол өз апасына қызы Перизатты аманаттайды. Арада көп ұзамай апасы Перизатты бағып-қағуға алып кетеді. Балташ та зайыбының көзі тірісінде айтқан өтінішіне келісімін берді. Бірақ, ол өз баласына керекті дәрі-дәрмек пен киімді апарып тұруды ұмыт қалдырмады.

Бір күні Перизат әке бауырында болғысы келетінін айтқан. Ал бала сағынышына немқұрайлы қараған Балташ әйелінің туыстары оған өз баласын беруге қарсылық білдірді. Дау-дамай ақыры сот отырысында қаралды. Бірақ, судья алғашында қате шешім шығарып, Балташтың талап-арызы ескерусіз қалған болатын. Осы арада Балташтың әйелінің апасы мен адвокат көмекке келіп, Перизатты әкесіне беруге себепкер болды. Ал әкесімен қайта қауышқан Перизаттың қуанышында шек жоқ...

Бақытбек Кенешұлы.