• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2020

800-ден астам жас сарбаз онлайн ант берді

251 рет
көрсетілді

Қазіргі жағдайды ескеріп және санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жас сарбаздар онлайн түрде ант берді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Карантиндік себептерге байланысты ант қабылдау рәсіміне қатыса алмаған ата-аналарға арнайы онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Еліміздің барлық өңірінен келген 800-ден астам жас сарбаздар салтанатты түрде Отанға адал болуға ант берді.

Сонымен бірге жауынгерлерге құттықтау сөзін әскери бөлімнің командирі, полковник Сәкентай Шекарбеков бастады. Құттықтау сөзінде ол жас сарбаздардың қырағы және жауапкершілігі мол болу керектігін баса айтты. Сондай-ақ олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін үйлеріне аман-есен оралуларын тіледі.