• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2020

Норвегияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

280 рет
көрсетілді

Норвегияда Қазақстанның Елшілігі ұйымдастырған бизнес-семинарға норвегиялық Иннландет провинциясының Лиллехаммер, Йовик, Хамар муниципалитеттеріндегі коммерциялық өнеркәсіп өкілдері қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабайлайды. 

Іс-шара аясында жергілікті кәсіпкерлерге Қазақстанда бизнес жүргізу шарттары, "Астана"  халықаралық қаржы орталығының қазіргі инвестициялық преференциялары мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Елші Еркін Ахинжанов ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт салалары, жаңартылатын энергия көздері, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті жайында толығырақ айтып шықты.

 

Норвегиялық компаниялар – қар жинау жабдықтарын, сыртқы электронды аккумуляторларын өндірушілері, сондай-ақ туристік инфрақұрылым салу жөніндегі компания қазақстандық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

 

Өзара тиімді бағыттар бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.