• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2020

Жапония 6G ұялы байланыс жүйесін дамытуға 652 миллион доллар бөлді  

671 рет
көрсетілді

Жапония билігі алтыншы буынды (6G) ұялы байланыс жүйелерін дамытумен айналысатын корпорацияларға 2030 жылға дейін енгізілуі жоспарланған 70 млрд иен (қазіргі бағам бойынша шамамен 652,4 млн доллар) көмек көрсетуге ниетті. Бұл туралы Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Бұған дейін Министрлер Кабинеті жанынан жаңа форматты енгізудің кешенді стратегиясын әзірлеуге арналған техникалық мамандардан, жеке бизнес өкілдерінен және тиісті ведомстволардан тұратын сарапшылар кеңесі құрылды. "Қазіргі уақытта Жапония бесінші буын байланыс жүйесіне (5G) көшуде. Бұл жағдайда ел 5G қолдану ертерек басталған АҚШ пен Оңтүстік Кореядан артта қалды. Жапония билігі тиісті жабдықты жасауда Қытайдан артта қалып отыр деп алаңдауда", дейді Kyodo.

Енді агенттік атап өткендей, ел үкіметі бизнеспен бірлесе отырып, алтыншы буынның тезірек және қауіпсіз жүйелеріне көшуде жетекші болғысы келеді.

Олар, атап айтқанда, пилотсыз көліктерде, қашықтан медициналық көмекті ұйымдастыруда кеңінен қолданылуы керек.