• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Маусым, 2020

Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді

407 рет
көрсетілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиннің ұзартылуына байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында, 2020 жылдың соңына дейін жұмысын қашықтан жалғастырады. 

Барлық өтініштер электронды түрде Министрліктің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, "e-gov" электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ 8 7172 74 37 23 нөміріне хабарласуға болады.