Биылғы бірінші тоқсандағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 78,9 мың жұмыссыз адам тіркелген. Бұл елдегі жұмыссыздар санының 17,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды finprom.kz.
Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,8 пайыз қысқарды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызға дейін азайды (бір жыл бұрын – 3,9%).
Сонымен қатар, 15-28 жас аралығындағы жастардың басым бөлігі Алматыда (15,7 мың адам), Алматы облысында (7,7 мың адам) және Түркістан облысында (6,4 мың адам) жұмыс іздеуде. Өз кезегінде 15-28 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың саны 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2,1 млн адам) салыстырғанда 3,2% қысқарды. Әсіресе, Жамбыл (−22,4%), Шығыс Қазақстан (−13,9%) және Ақтөбе (−11,3%) облыстарында азайған.
Жалпы жұмыспен қамтылған жастардың ең көп саны Алматы облысында – 247,7 мың адам. Сонымен қатар, алғашқы үштікке Алматы (245,8 мың адам) және Түркістан облысы (175,5 мың адам) енді.
Жұмыспен қамтылған жастардың көп бөлігі сауда (365,9 мың адам немесе жалпы санның 18,1%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (241,9 мың адам немесе 12%) және білім беру (232,7 мың адам немесе 11,5%) сияқты салаларда белсенді жұмыс істейді.