• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Маусым, 2020

Төтенше жағдай кезінде еріктілер 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетті

399 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде волонтерлар қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еріктілер қозғалысын дамытуға, әсіресе пандемия кезінде Мемлекет басшысының ағымдағы жылды - еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі бастамасы үлкен серпін берді. "Birgemiz" республикалық фронт-офисінің қамқорлығымен волонтерлік штаб құрылды, "Қауырт желі" ашылды, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсететін 40 мың еріктілер жұмылдырылды", - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде ел бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық азаматқа көмек көрсетілген. 

"Волонтерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға төтенше жағдай кезінде көмек көрсетті. Еріктілердің жұмысын одан әрі жүйелі дамыту үшін өңірлік деңгейден республикалық деңгейге дейін бірыңғай вертикаль қағидаты бойынша волонтерлік инфрақұрылым құрылды. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлесіп, тиісті заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде волонтерлік қызметке қатысуға адамдарды ынталандыру үшін практикалық тетіктер салынатын болады", - деді министр.