• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Маусым, 2020

"Bala qorgaý" чаты тәулік бойы жұмыс істейді

833 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чаты тәулік бойы, дамылсыз қызмет етеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Арнайы чат – кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты құқық бұзушылықты, зорлық-зомбылықты, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілерін дереу анықтау үшін құрылған.

Егер, жоғарыда көрсетілген фактілер туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауын көрсете отырып, чатқа тікелей жазсаңыз болады.

Көрсеткен сілтемелер ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деп теру керек.

Айта кетейік, бүгінде чат қолданушыларының саны 13 000-ға жуықтаған.