• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:05

Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар тіс емханасының 53 жұмысшысы екі айдан бері тиісті жалақысын ала алмай келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады.

Медициналық мекеме басшылығы еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Салдарынан 53 қызметкер екі айдан астам уақыт бойы жалақысын ала алмаған. 

Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша берешек түзілгені анықталып, медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтірілді. Нәтижесінде 17,5 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.

Еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Қызылордада 700 млн теңгеден астам жалақы қарызы өндірілді

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 1 700-ден астам мұғалімнің жалақы қарызы толық өтелгені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар