• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:40

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 1,3 млрд теңгелік актив мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы сот арқылы мемлекетке 1,3 млрд теңге көлеміндегі активті қайтарды. Аталған мүлік бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты компанияның иелігінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақылаушы органның мәліметінше, 2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС жеке заңды тұлға арқылы заңсыз жекешелендірілген. Кейін бұл кәсіпорынның ғимараты мен жер телімі де үшінші тұлғаларға беріліп кеткен.

Қайтарылған мүліктер қатарында Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан жалпы аумағы 2 108,3 шаршы метр болатын ғимарат пен жер учаскесі бар.

«Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Кассациялық сот бұл талапты толық қанағаттандырды», делінген хабарламада.

СҚО-дағы ауылға қайтарылған қаржы есебінен ауыз су құбыры тартылды

Еске сала кетейік, бұған дейін прокуратура экс-министрге қатысты құны 4,8 млрд теңгеге жуықтайтын үш нысанды мемлекетке қайтарған болатын. 

Соңғы жаңалықтар