Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, Жандос Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады
2022 жылдың тамызынан Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет етті. Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Еске сала кетейік, жуырда Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалған болатын.