• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:42

Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды

20 рет
көрсетілді

Маңғыстау аумағында шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акулалардың тістері табылды. Бұл өңірде бір кезде теңіз түбі болғанын тағы бір рет айғақтап отыр. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі шөлейт аймақ жер ежелгі алып Тетис мұхитының жағалауы немесе түбі болған, деп жазады Egemen.kz.

Экспедицияны швециялық палеонтолог Штефан Киль мен Есенов студенттері және оқытушылары бірлесіп жүргізген. Зерттеу барысында:

акула тістері; киттің қабырғасы; теңіз жұлдызының қалдықтары; әртүрлі моллюскалардың іздері табылған.

Маңғыстауда жартасқа жазу жазған ер адам 25 тәулікке қамалды

Мұндай олжалар палеонтологтарға ежелгі экожүйені, климатты және теңіз жануарларының эволюциясын зерттеуге мүмкіндік береді. Әсіресе акула тістері жақсы сақталатындықтан, ғалымдар олардың түрін, көлемін және қоректену ерекшеліктерін анықтай алады.

Бұған дейін Маңғыстау аймағында көне қаланың орны табылған.

Соңғы жаңалықтар