Қоғам • Бүгін, 09:59

Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада екінші әуежай салу жоспарланып отыр. Осылайша, қолданыстағы әуе айлағы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта нысанның орналасу орны бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады

Фото: Ашық дереккөз

Бұған дейін Мемлекет басшысы Астананы дамыту жайлы кеңесте қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтқан болатын.

Президенттің айтуынша, Үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет. Сондай-ақ Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғыртудың маңызы зор екенін атап өтті.

Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?

Қазір Астана қаласында халық санының өсу қарқыны жоғары. Сонымен қатар туристік ағын мен әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары да артып келеді. Осыған байланысты 2035 жылға дейінгі қаланың бас жоспарын іске асыру аясында екінші әуежай салу жоспарланған.

Қазіргі таңда нысанның орналасу орны бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қолданыстағы әуежайды дамыту бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Мәселен, екінші ұшу-қону жолағын салу жобасы аясында жобалық-іздестіру жұмыстары қарқын алды. Оның құрылыс-монтаж жұмыстары биылға жоспарланған.

Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады

ҰҚЖ №2 пайдалануға берілгеннен кейін әуежайдың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ бірінші ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік туады. Бұл жолақ 20 жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген, сондықтан оны қазіргі қауіпсіздік және пайдалану стандарттарына сай жаңарту қажет.

Бұдан бөлек, әуежайдың өткізу қабілеті жылына 40 млн жолаушыға дейін артады.

Соңғы жаңалықтар