Президент • 24 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салуды ұсынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананы дамыту жайлы кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салуды ұсынды

«Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар. Бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар», деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет. Сондай-ақ Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғыртудың маңызы зор дейді.

Соңғы жаңалықтар