• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2020

Польшада президент сайлауы өтіп жатыр

565 рет
көрсетілді

Кеше, 28 маусымда Польшада президент сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша түске дейін сайлаушылардың 24% дауыс берген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы қызметіне 11 кандидат үміткер. Оның ішінде елдің қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Елде 27 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған.

Президент сайлауының бірінші туры мамыр айында өтуі тиіс еді. Бірақ індетке байланысты сайлау кейінге шегерілді.

Экзитполдағы сайлаушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша, қазіргі президент Анджей Дуда шамамен дауыстың 42% жинайды, ал оның қарсыласы - Варшаваның мэрі Рафал Тшасковский 30% дауыс жинап, екінші орынға тұрақтайды.

Айта кету кетек, бірінші турда ешбір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, 12 шілде күні сайлаудың екінші туры өтеді.