Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды дәрігерлерге қарсы заңсыз әрекеттерге жол бермеуге және оларға тіл тигізбеуге шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеуде әлі де вакцина жоқ. Бірақ солай екен деп, дүрбелеңге салынуға болмайды. Одан да заңсыз әрекеттерге жол бермей, дәрігерлерді жазғыруға, санитарлық режимді бұзуға жол бермеулеріңізді сұраймын. Науқастар мазасыздық пен пессимизмге ұшырамауы керек. Емдеумен қатар физикалық және адамның рухани жағдайы оның тез сауығуына ықпал етеді. Сондықтан, Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің ұсынған талаптарын ұстануыңызды сұраймын. Біздің барлық күш-жігеріміз еліміздің басты байлығын - Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.