• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Маусым, 2020

Президент Қазақстанда инфекциялық төсек-орын санын арттыруды тапсырды

330 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте пандемияның екінші толқыны басталар алдында инфекциялық төсек санын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Пандемияның екінші толқынының басталуын ескере отырып, шілденің соңына дейін инфекциялық төсек санын 50 пайызға арттыруды тапсырамын. Бұл үшін өңірлерге барлық резервтерді, соның ішінде жеке және ведомстволық медицинаны пайдалану қажет. Үкіметке бес күн ішінде дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент қазақстандықтарды дәрігерлерге қарсы заңсыз әрекеттерге жол бермеуге және оларға тіл тигізбеуге шақырғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы  қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға шақырды.