Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігі қойылған міндеттерді орындай алмағанын мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
"11 мамырда шектеулер алынып тасталғаннан бері коронавирустық инфекция жағдайы 7 есеге артты. Бұл көбінесе бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі төтенше жағдай режимінен тыс тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту керек.
Ведомствоаралық комиссия алдына қойған міндетті орындай алмады. Мұны мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмады", - деді Мемлекет басшысы.
Ол жергілікті жерлерде уақтылы және тиімділігі аз шаралар вирустың еңбек ұжымдарында, жүйе құраушы өндірістерде таралуына әкелгенін атап өтті.
"Індетпен күрес, теріс әлеуметтік және экономикалық әсерлерді жою бойынша барлық шешімдерді Премьер-Министрдің жетекшілігіндегі Мемлекеттік комиссия аясында әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия сыни ресурстарды бөлуге орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз етуі тиіс", деді Президент.