• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Маусым, 2020

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 188-ге жетті

232 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласында 1969 жылғы ер адам,  Қарағанды облысында 1949 жылғы әйел адам, Батыс Қазақстан облысында 1938 жылғы әйел адам, 1981  жылғы ер адам, 1963 жылғы ер адам коронавирустан қайтыс болды.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 188 адам қайтыс болды.