• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2020

Павлодарда жылу жүйелерінде 100-ге жуық ақау анықталған

171 рет
көрсетілді

Қала әкімдігінің мәліметінше,облыс орталығында 20-шы сәуірде жылыту маусымы аяқталды. Сол күні жылу, су құбыры жүйелеріндегі гидравликалық сынақты жұмысын бастау жоспарланған, -деп хабарлайды Egemen.kz. 

Алайда, карантинге байланысты келесі маусымға дайындық 25 мамырға дейін кейінге қалдырылып, 28-інен бастап ыстық су барлық көпқабатты үйлерде сөндірілген.

Бірақ  қазір көпқабатты тұрғын үйлердің бірқатарында, мысалы,  Мәшһүр Жүсіп атындағы көше бойындағы  тұрғын үйлерді әлі ыстық су беріле қойған жоқ.

Өйткені №1 жылу электр орталығының мамандары қаланың оңтүстік бөлігінде сынақ жұмыстарын жүргізіп, ескірген жылу желілерінен көптеген ақаулардың табылғаны жөнінде хабарлады.  

Бұл жұмыс барысында 6 энергоблок, №5 және №15 жылу магистралі жөнделуде. Усолка шағын ауданында да тиісті жұмыстар қолға алынған.

Ал, осы күнге дейін облыс орталығында 310 тұрғын үй ыстық суға қосылған.  

Бұл туралы «Жылу желілері» ЖШС хабарлайды:маусым айының соңында Қамзин көшесі, Назарбаев даңғылы, Катаев, Амангелді, Казправда көшелеріндегі тұрғын үйлерге су беріледі.

Қазір қаланың орталық бөлігі, Химқалашығы, Мир, Торайғыров, Лермонтов көшелері мен Назарбаев даңғылы мен екінші Павлодар аумағына ыстық су берілуде.

Бірақ жылу жүйелеріндегі ақаулардың көптігінен Затон шағын ауданы, Қамзин, Ладыжеская көшелеріне ыстық су тек қыркүйек айында ғана беріледі.  

          Павлодар