• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2020

Атырауда 400 орындық инфекциялық стационар ашылады

487 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz

Осыған байланысты облыстық ауруханадағы  барлық бөлім   басқа емдеу орындарына ауыстырылады. Қазір облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардиоорталықта  70 провизорлық кереует бар.  Сондай-ақ, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

"Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Бұған қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге ауыстырып, мұнда 400 орындық провизорлық стационар  ашуды көздеп отырмыз", - деді Бақытгүл Хаменова.

Қазір Атырау облысында "пневмония"  диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы  медициналық мекемелерге жатқызылған.