• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Маусым, 2020

Үкімет карантинге байланысты өтірік ақпаратқа сенбеуге шақырды

176 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде 30 маусымнан бастап белгісіз мерзімге шектеу шараларын күшейту туралы хабар пайда болды. осыған байланысты ірі қалалар, оның ішінде ел ордасы - Нұр-Сұлтан да жабылатыны айтылған. Осы ақпаратқа байланысты үкіметтің баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.  

"Әлеуметтік желілерде ведомствоаралық комиссия мақұлдаған қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама таратылды. Бұл тараған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 29 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында болған қатаң карантиндік шараларды қайта енгізуге болатындығын айтқан еді. Президент Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде шектеу шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.