• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Технология 30 Маусым, 2020

200-ге жуық компания Facebook-тен бас тартты

248 рет
көрсетілді

Америка құрама штаттарындағы Adidas, Reebok, Ford, Coca-Cola және Unilever сияқты 200-ге жуық ірі компания әлеуметтік желідегі жарнамадан бас тартып, Facebook-ке бойкот жариялады, - деп Egemen.kz хабарлайды.

29 маусым күнгі Facebook акциялары 1 пайызға төмендеді. Себебі Starbucks және Pepsi 28 маусым күні шілде мен тамыз айларында барлық әлеуметтік желілерде жарнаманы тоқтату туралы шешім шығарды. Facebook акцияларының құлдырауын ескере отырып, екі күн ішінде нарықтық құны 60 миллиард долларға жуық қаражат жоғалтты.

Компаниялардың пікірінше, Facebook дұрыс емес саясат жүргізіп, өз платформасында саяси емес пікірлер жариялауға рұқсат бермеген. Компаниялар #StopHateForProfit қозғалысын іске қосты ("қаржылық пайда үшін өшпенділікті тоқтатыңыз").

Дегенмен, BMO Capital Markets талдаушысы Даниел Салмон, бұл бойкот Facebook-ке айтарлықтай зиян келтірмейді деп санайды. Өйткені оның платформаларында 8 миллионнан астам жарнама берушілер ақпарат орналастырған.

Сонымен қатар бұл бойкотқа қарамастан, сауда-саттық нәтижелері инвесторлар сұранысының арқасында компанияның акциялары өскенін көрсетті. Биржалардың жабылуына орай Facebook акциялары 2,11 пайызға және 220,64 долларға дейін қымбаттады.