• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Маусым, 2020

Асқар Мамин М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

186 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді.