• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2020

Екібастұздықтар "Balabaqsha.sitcen.kz" қызметін пайдалануда

639 рет
көрсетілді

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл қызмет түрі өте тиімді. Балаларын балабақша кезегіне қою үшін бұрынғыдай әр бөлімге жүгіріп  жүрмейді, - деп жазады Egemen.kz

Ата-ана қолындағы ұялы телефонын немесе үйдегі компьютеріңізде интернет желісі арқылы  "Balabaqsha.sitcen.kz"  автоматтандырылған қызмет түріне қосыла алады.

Балабақшаға кезекті автоматтандыру жүйесін орнатуға бірнеше фирма қызметін ұсынып, "InCraft" ЖШС-і таңдалыпты.

Қазір қызмет жүйеленіп, кідіріссіз жұмыс жасауда.  Автоматтандырылған жүйе арқылы өтініштерді тіркеу, шарт жасасу қызметтері байланыс тек ата-ана мен балабақша арасында ғана болады.

Жаңа жүйені іске қосу еліміздегі жаңа мемлекеттік стандартқа сәйкес қолға алынған. Порталға қосылып, әрбір ата-ана өз өңірін таңдайды. Екібастұздықтар да  сондай таңдау жасауда.

 

Павлодар облысы